ШҚО-да «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

20 қазан мен 19 қараша аралығында ШҚО аумағында «Браконьер» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу және экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Облыстағы полиция қызметі табиғатты қорғау  іс-шараларына қатысу бойынша жұмысын күшейтті, табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, оның ішінде ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылында браконьерлікпен күресуге бағытталған  бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруда.

Негізгі міндет – аңшылық, ағаш кесу, балық ресурстарын өндіру, экспорттау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін тасымалдаудың заңсыз фактілерін анықтау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы