ШҚО-да блок-бекетте психотроптық заттары бар курьер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы бақылау-өткізу бекетінде психотроптық заттары бар курьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ВАЗ-21115 автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы облыс тұрғынын Риддерге кіреберісте ұстады. 

Көлікте консоль астынан ішінде ұнтақ түріндегі заты бар үш zip-пакет салынған полимерлі пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 427,5 грамм мефедрон психотроптық заты болып шықты. Дәл сол жерден, консоль астынан, есірткіні көтерме сатушылармен байланыс орнатылған ұялы телефон табылды, - делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу, тасымалдау немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мефедронның аса ірі мөлшері бір граммды құрайды. 

Бұл санкцияны айтарлықтай қатаңдатып, мүлкін тәркілеумен бірге жазаны 15 жылға бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы