ШҚО-да биыл 400-ден астам лагерь жұмыс істейді

Биыл Шығыс Қазақстанда 418 жазғы лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде, 195-і мектеп жанындағы лагерь, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева мен ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтты.

Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлеріне қабылдау 24 сәуірде басталған.

ШҚО-ның барлық қала сыртындағы лагерьлерінде сумен жабыдқтау оюъектілерін дератизациялау, дезинсекциялау, тазарту, жуу және дезинфекциялау, кенеге қарсы іс-шаралар, лагерьлерді ашу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен рұқсат беру құжаттарын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева.

Айта кету керек, биыл өңірде қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьлермен қатар тілдік, спорттық, туристік, өлкетану және бизнес-лагерьлер жұмыс істейтін болады.

Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасы аясында мектеп жанындағы лагерьлерде тілдік лагерь жұмыс істейтін болады. Яғни, балалар онда тек ойын ойнап, демалып қана қоймай, ағылшын, қазақ, орыс, неміс, француз тілдерін де үйренеді, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы