ШҚО-да биыл 13 адам көміртегі тотығымен уланған

ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізіп, халықтың көміртегі тотығымен улануының негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Жалпы өңір бойынша жыл басынан бері жер үйлерде 13 адам көміртегі тотығына уланған.

Жыл сайын осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйлерінде улы газды анықтайтын датчиктер орнатылады.

Жылыту маусымы басталар алдында үйлерге 2700-ге жуық датчик орнатылды. Оның барысында мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары 43 096 тұрғынға нұсқаулық беріп, 30 рейд жүргізілді, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы