ШҚО-да бірқатар тасжол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментің мәліметінше қатты жел мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысына тыйым салынды. 

Нақты айтқанда, республикалық маңызы бар «Павлодар-Семей», «Өскемен-Серебрянск», «Семей-РФ шекарасы» тасжолдары және облыстық маңыздағы «Семей-Курчатов», «Семей-Долон», «Үлкен Владимировка-Сосновка-Қоянбай», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Өскемен-Горная Улбинка-Северное» тасжолдары жабылды, - делінген ақпаратта. 

Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымша арқылы біліп отыруға кеңес берді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы