7 Ақпан 2024 2024, 10:39
Фото: -архив
ШҚО-да бірқатар мектеп қашықтан оқытуға көшті
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар білім мекемесі бүгін қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар білім мекемесі бүгін қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күршім ауданында ауа температурасы -7 мен -32 градустың аралығында. Алайда жел екпіні қатты. Сондықтан Ұранхай ауылындағы мектептің 0-9 сынып оқушылары, Төсқайың, Шанағаты, Қаратоғай мектептерінің 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды, - деп жазды Altainews.kz.
Алтай ауданы сынып бағанасы -28 және -30 градусқа дейін төмендеген. Мұнда бастауыш сынып оқушылары екі ауысымда да мектепке бармайды.
М. Бикетов атындағы мектептің 0-9 сынып оқушылары да қашықтықтан оқытылады.