ШҚО-да "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстанда облыстық жоба аясында Күршім ауданында 91 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың 4-еуі Бесжылдық ауылында салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Бесжылдық қазірде ауыл мәртебесіне сәйкес келмейді, халқының саны елуге жетпейтін елді-мекенді Сарыөлең ауылдық округіне қосу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда дәл осы Бесжылдық ауылы қайта түлеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аумақта балалар алаңы салынды, көше бойына жарық тартылып, абаттандырылды. 2023 жылы ауылға тас жол төселді.

Айта кетейік, 2 тұрғын үйдің құрылысын жақын арада аяқталып, тұрғындар «Бір қабатты Шығыстың»шарапатын көрмек. Ал қалған баспаналардың құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы