ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз өндірген екі ер адам ұсталды
ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз өндірген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Зайсан көлінің жағалауында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан 45 және 40 жастағы екі ер адамды ұстады.
Оқиға орнын тексеру кезінде тәртіп сақшылары: 131, 2 келі көксерке, 14 келі алабұға және 2 келі табан балығын тәркіледі. Шығын 917 838 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілерден мүлік тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент-Ташкент жолында көпір салынып жатыр
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы