ШҚО-да бал өңдейтін фабрика салынуы мүмкін
ШҚО-да табиғи балды өңдейтін фабрика салу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұндай өндіріс орны аудандарда тұратын омарташыларға тиімді, егер жоба жүзеге асырылып жатса олардың тауарын халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік туады.
Ол үшін қазір облыс басшылығы инвесторлар іздеп жатыр. Бұл туралы Күршім ауданы тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.
Жалпы, еліміздегі балдың 77 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Ал негізгі сатып алушы ел – Қытай.
Сондай-ақ қытайлық компания облыста емдік шөптерді өңдейтін өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Аталмыш жоба да жан-жақты зерделенетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында 31 шетелдік жолда қалды
Өзгелердің жаңалығы