15 Желтоқсан 2022 2022, 10:54

ШҚО-да аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқиды

Бүгін ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар аудандарда сабақ қашықтықтай оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар аудандарда сабақ қашықтықтай оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен, Риддер қаласында бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары бүгін қашықтықтан оқиды. Бұл туралы Altyanews жазды.

Алтай, Катонқарағай, Шемонаиха, Ұлан, Күршім, Глубокое, Самар аудандарында 0-11сынып оқушылары да үйде қалады.