ШҚО-да автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бүгін елдің шығысында түнгі уақытта қатты аяз түседі. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыстың тас жолдарында автобустардың және дизельді автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда:

  1. «Өскемен – Шемонаиха - РФ» (15-102 км, 105-123 Глубокое кентіне бұрылыс - РФ шекарасы);
  2. «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» (15-105 км, Белоусовка кенті – Риддер қаласы
  3. «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай - Рахман қайнары» (6-166 км, Ушановское ауылы – Алтай қаласы)
  4. «Омбы – Майқапшағай» (1090-1256 км, Абай облысының шекарасы – Зайсан)
  5. «Алматы – Өскемен» (1013-1068 км, Абай облысының шекарасы – Қ.Қайсенов кенті)
  6. «Өскемен – Тарғын – Самар (17 -145 км)
  7. «Үлкен Нарын – Күршім (0-135 км)
  8. «Күршім – Қалжыр» (0-131 км)
  9. «Шемонаиха – Секисовка» (км 0-54 км)
  10. «Дмитриевка – Бородулиха – Шемонаиха» (87-72 км, Шемонаиха қаласы - ШҚО мен Абай облысының шекарасы)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы