ШҚО-да ауыл тұрғыны үйінде қарасора өсірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокое ауданының тұрғыны үйінде қарасора өсірген. Ақпан айының басында Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз культивациялау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

28 жастағы аудан тұрғынының үйін тінту барысында бұл факт расталды. Ыдысқа егілген өсімдіктің 5 түбі, жасыл түсті өзіне тән иісі бар ыдыс және кептірілген сабақтар мен жапырақтар түріндегі жасыл зат тәркіленді. 

«Сарапшының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған бұталар –қарасора өсімдігі, ол есірткі заттарына жатады. Оның жалпы салмағы – 1712, 40 грамм. Күдікті өсімдіктерді жеке пайдалану мақсатында өсіргені анықталды», – делінген мәліметте. 

Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы