ШҚО-да ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды
Шығыс Қазақстан облысында Шілік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан жергілікті тұрғындармен кездесу барысында бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Іс аудандық сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында Шілік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан жергілікті тұрғындармен кездесу барысында бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Іс аудандық сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы Шілік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, бейәдеп сөздер айтқан видеосы тараған еді.
Сотта ауыл әкімі өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Көпшілік алдында кешірім сұрады.
2025 жылғы 6 қазанда сағат 15:00 шамасында лауазымды тұлға әкімдік ғимаратындағы қызметтік кабинетінде, ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Бейәдеп сөздер айтқан. Зайсан аудандық сотының қаулысымен әкім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – делінген Зайсан аудандық сотының хабарламасында.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО әкімдігі бұл материалдарды Әдеп жөніндегі кеңеске жолдаған.
- Трамп Зеленскийден Ресейдің дизель инфрақұрылымына соққыны доғаруды сұрады 07:49
- Базалық банк лицензиясы: Депозиттерге қойылатын лимиттер туралы не білу керек? 07:30
- Астанада 1 млн теңге жүлде қоры бар Counter-Strike 2 турнирі өтіп жатыр 07:12
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27
- Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты 03:40