ШҚО-да әскерилер Отбасы күнін атап өтті
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінде Халықаралық отбасы күніне орай әскерилердің отбасына арналған ашық есік күні өткізілді, деп хабарайды BAQ.KZ.
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінде Халықаралық отбасы күніне орай әскерилердің отбасына арналған ашық есік күні өткізілді, деп хабарайды BAQ.KZ.
Мерекелік іс-шараға қатысқан 15 отбасының бесеуі көпбалалы. Бұл туралы Altaynews жазды.
Бүгін – біз үшін ерекше күн. Барлық қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтағым келеді. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін. Бір-біріңізді әрдайым қолдаңыздар, жақсы көре біліңіздер. Қамқор болатын бала-шағамыз, ұрпақтарымыз көп болсын. Біздің өміріміз сонысымен қызық, тамаша, – деп жылы лебізін білдірді 3477 әскери бөлім командирі подполковник Руслан Есенғалиев.
Әскери бөлім ұйымдастырушылары іс-шараға қатысушыларға арнайы спорттық ойындар ұйымдастырып, балаларға арналған аквагрим мен аниматорлық ойындар өткізді. Соңында қатысушыларға әскери бөлім командирінің атынан алғыс хаттар табысталды.