ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 212 бала дүниеге келді

ШҚО-да өткен 2022 жылы"Аңсаған сәби" бағдарламасымен 212 бала дүние есігін ашқан. Облысқа аталмыш бағдарлама бойынша ЭКҰ-ға 488 квота бөлінген болатын. Артынша оның бір бөлігі Абай облысына бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова "Аңсаған сәби" бағдарламасына қатысуға шешім қабылдаған баласыз ерлі-зайыптылар үшін іс-қимыл алгоритмі және МӘМС есебінен ЭКҰ-ны қалай алуға болатындығы туралы айтып берді.

Аймақта өткен жылы бала сүйе алмаған 792 жұп тіркелген. Квота бойынша 293 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) рәсімі жүргізіліп, 141 әйл аман-есен босанды. Қазір 122 әйел  экстракорпоральды ұрықтандырудан кейінгі жүктілік бойынша есепте тұр.

Ал 2023 жылға 777 жұп тіркеліп үлгерген. Олардың бөлінген квотаға байланысты 239-ында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКҰ алу мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға кіру қиын емес.

Пациент МӘМС шеңберінде көмекші репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өз бетінше таңдайды. Содан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының (ЖТМУ) қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет, – дейді ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова.

Учаскелік дәрігер пациентті бала сүйе алмайтын диспансерлік науқастардың (ЭРДБ) электрондық регистріне енгізеді. Тиісті тексеруден өткеннен кейін 12 ай ішінде бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен көмекші репродуктивті технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған кезде госпитализация бюросының порталында пациент құжаттардың толық пакетімен тіркеледі. Оған қызметтерді алудың күні мен уақыты айтылады.

Айта кетейік, биыл бұл қызметтерді еліміздің жеті өңірінде:  Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан 19-ға жуық медициналық ұйым МӘМС аясында тегін көрсетеді.

Биыл қатысушыларға арналған бағдарламада 42 жасқа дейінгі шектеулер қарастырылған, өйткені әйелдер ресурстары туралы естен шығармау керек, жылдар өткен сайын аналық без қоры азаяды, – деп ескертті Надира Слямханова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы