ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашы сәби дүниеге келді

Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биылғы алғашы сәби дүниеге келді.

Өңір бойынша осы жылы «Аңсаған саби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жасатуға 252 квота бөлінген. Көптен күткен алғашқы сәби қараша айында дүниеге келді.

Өскемендік ерлі-зайыпты үш жыл бойы бедеулік бойынша есепте тұрған. Содан соң көмекші репродуктивті технологияның көмегіне жүгініп, ЭКҰ жасатты. Осылайша, 27 жастағы әйел жүкті болып, қыз туды. Нәрестенің салмағы - 3050 грамм, бойы - 48 сантиметр.

Осы ретте, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас репродуктологы Надира Слямханова Аңсаған саби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жасатқысы келгендерге не істеу керектігін түсіндіріп берді.

Пациент МӘМС шеңберінде репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өз бетінше таңдайды. Содан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың электронды регистріне енгізеді. Тиісті тексеруден өткеннен кейін және бедеуліктің себептерін анықтағаннан соң 12 ай ішінде бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен көмекші репродуктивті технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді, - дейді ол.

Оң шешім қабылданған кезде госпитализация бюросының порталында пациент құжаттардың толық пакетімен тіркеледі. Оған қызметтерді алудың күні мен уақыты айтылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы