ШҚО-да алимент төлемеген адам түрмеге қамалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында баласына алимент төлемеген ер адам түрмеге қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алимент төлеуден қашып жүрген ер адамның ісі ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

Сот шешімі бойынша ер адам Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелген болатын. Айыпталушыға сот бірқатар міндет жүктеді. Алайда ер адам бұдан дұрыс қорытынды шығармай, жұмысқа орналасу және алимент бойынша берешекті өтеу міндеттерін орындамай қойды. Осыған байланысты Риддер қалалық сотының шешімі бойынша бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды. Сотталушы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне қамауға алынды, делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы