ШҚО-да алдағы үш күнде көшкін жүруі ықтимал
Шығыс өңірінде күн райы күрт бұзылды. Алдағы үш күнде таулы аймақтарға бармаған абзал, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Өйткені қар көшкіні жүруі ықтимал. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 9-12 ақпан аралығында көшкін қаупі күшейетінін мәлімдеді.
Қауіпті учаскелердің көбі көлік жолының бойында орналасқан. Сондықтан бұл күндері таулы аймақтардан алыс жүрген абзал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы