ШҚО-да алдағы бес жылда 117 ауыл сапалы интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысында алдағы бес жылда 117 ауыл интернетпен қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, 2027 жылға қарай интернет пен ұялы байланыс желісі мүлде жоқ 117 ауылды сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тиісті жұмыстар биыл басталмақ.

Жұмыс екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 100-ден астам халқы бар ауылдардан бастасақ, екіншісінде 100-ден аз тұрғыны бар ауылдарды қамтимыз. 2023 жылға жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 19 антенналық-мачталық құрылыс салу көзделуде, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Оның айтуынша, ауылдардағы жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған соң антенналық-мачталық құрылыстарды салу жұмыстары жалғасып, ұялы байланыс операторларымен келісім-шарт жасалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы