ШҚО-да аэровизуалдық мониторинг жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында аэровизуалдық мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ерекше бақылауда. Олар Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім және Шемонаиха аудандары.
Өңірдегі жағдайды қадағалау мақсатында «Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай» бағыты бойынша ТЖД бастығы облыс Ерғали Бахаевтың, әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен кезекті ұшу жүргізілді. Ұшып өту Сарымсақты тауының оңтүстік бөктерінің таза екенін көрсетті.
Зубовск және Малеевск кенттерінде комиссия өзенде жүргізілген жағалауды нығайту жұмыстарын қарап шықты. Гидробекетте судың деңгейі өлшенді.
Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда облыста қар жабыны 44%.
Жергілікті атқарушы органдар каналдарды, арықтарды және көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды толық көлемде жүргізді.
Жағалауды нығайту және түбін тереңдету, бөгеттерді өсіру, қаптарды салу жұмыстары жалғасуда.
ШҚО-да облыстық жедел штаб жұмыс істейді, барлық қызметтердің жұмысы үйлестіріледі. Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді.