23 Желтоқсан 2022 2022, 21:45
ШҚО-да 93 көпбалалы отбасы баспаналы болады
Облыста тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. Биыл 185 млрд теңгеге 869 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыста тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. Биыл 185 млрд теңгеге 869 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш жыл ішінде шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы altaynews.kz жазды.
Көппәтерлі үйлер негізінен Өскемендегі 22-ші және 24-ші шағын аудандарда салынып жатыр. Ірі ауылдарда және облыс орталығында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке үйлердің құрылысы жалғасуда.
Облыстың басым бағыты – аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу. Биыл осы мақсатқа 236 пәтер бөлінеді. Алдағы жылы тағы 93 отбасы баспана кілттеріне ие болады.