ШҚО-да 90 келі балық аулаған тұрғын тұтылды
Шығыс Қазақстанда заңсыз түрде 90 келі балық аулаған браконьер ұсталған.
Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Алтай ауданында Бұқтырма жағасында ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті балықты өз қайығымен жүріп аулаған. Қызметкерлер 90 келі балық тәркіледі, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Тарғабатай ауданында тағы бір браконьерлік факті тіркелген. Тұғыл ауылының 59 жастағы тұрғыны күдікті деп танылды.
Резеңке қайықтан монофиламенттен жасалған синтетикалық тор табылды. Тәртіп сақшылары 500 метрлік ауды және қайықты тәркіледі, - деп жазылған хабарламада.
Заң бұзушы екі адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Облыс аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатқанын естеріңізге саламыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл жұмыртқа өндірісін субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді
Өзгелердің жаңалығы