ШҚО-да 88 мыңнан астам жасөспірім вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.
Pfizer вакцинасының екінші компонентін 98 360 адам салдырған.
Оның ішінде 2198 жүкті және 7532 бала емізетін әйел, 12-18 жас аралығындағы 88 630 бала бар. Айта кету керек, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Сондай-ақ облыста 24 мыңға жуық 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Куба Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы