ШҚО-да 84 мыңнан астам бала вакцинаның екі компонентін салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 84 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының екі компонентін салдырды, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қараша айынан бастап 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer вакцинасымен егілуде.

Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 105 804 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 470 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3572 жүкті және 8762 бала емізетін әйел екпе алды. Ал 84 788 бала вакцинаның екі компонентін де салдырған, - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 15 мыңнан астам адам үшінші рет вакцина алып отыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы