ШҚО-да 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шеккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіпсіздік кезінде ШҚО-да 70-ке жуық әскери қызметкер зардап шеккен.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер мен радикалды әрекеттер кезінде 69 полиция қызметкері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкері зардап шегіп, 10 полиция көлігі қиратылған.

2022 жылғы 5-9 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде мыңнан астам адам ұсталды, оның 66-сы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Коменданттық сағатты бұзғаны үшін 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылған. Облыстағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайдың күрделі мәселелерін шешуге бағытталған шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақтанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы