ШҚО-да 7 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды
ШҚО ПД мамандары шығысқазақстандықтарға шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі жақын арада аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралады.
Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, автокөлік иелерін заңдастыру процессін аяқтауға және көліктерін тіркеуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министірлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтары мен 30 маусым аралығында елімізге 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.
Жалпы республика бойынша 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік, оның ішінде, ШҚО аумағында 7 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылған.