ШҚО-да 50 жыл құжатсыз жүрген ер адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ағымдағы жылы 200-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылып, ҚР азаматының жеке куәлігіне рәсімделді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Бірнеше апта бұрын Семей қаласының полиция қызметкерлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты бойынша өмір сүріп келген 54 жастағы ер адамға ҚР азаматының жеке куәлігін алуға көмектесті.
Новосібір облысының тумасы 1989 жылы Семей қаласына көшіп келген. Қазақстанға келгеннен кейін ол неке қиып, үйленіп, бүгінде оның екі баласы бар, бірақ осы уақытқа дейін қызыл паспортын жеке куәлікке айырбастамаған. Ер адамның өзі мұны оның істі аяғына дейін жеткізуге мүмкіндігі болмағаның айтып, түсіндірді және 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс орнынсыз өмір сүріп, шағын табыспен айналысқанын айтты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды жинап, Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті.
Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды, енді ресми түрде жұмысқа орналасып және басқа азаматтардан қалыспай барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.
ШҚО ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береді.