ШҚО-да 490 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз күнгі мәлімет бойынша, ШҚО-да америкалық Pfizer вакцинасының екінші компонентін 99 186 адам салдырды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Аймақ бойынща 12-18 жас аралығындағы 89 314 бала, 2214 жүкті және 7658 бала емізетін әйел екпе алған, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 26 114 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтті. Жалпы өңір бойынша коронавирусқа қарсы ревакцинациядан 491 383 адам өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы