ШҚО-да 40 мың теңге пара алған полицей бір жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 40 мың теңге пара алған патрульдік полиция инспекторы мен оған пара берген азаматтар сот үкімімен жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Глубокое аудандық сотына сілтеме жасап.

Оқиға Өскемен – Шемонаиха тасжолында болған. Полиция қызметкері «Газельді» басып озу кезінде қарсы қозғалыс жолағына шыққан жеңіл көлікті тоқтатып, жүргізушіге құқықбұзушылық жасағанын ескерткен. Сот материалдарына сәйкес, жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылмау үшін 40 мың теңге пара беруге келісіп, танысы арқылы полицейдің шотына ақша аударған.

Глубокое аудандық сотының хабарлауынша, пара алған полиция қызметкері 1 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берген азамат пен оның танысы 7 айға сотталды.

Алайда апелляциялық шағымнан кейін облыстық сот жүргізуші мен танысының жазасын жеңілдетіп, оларды бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға ауыстырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы