ШҚО-да 30 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған
ШҚО ТЖД құтқарушылары үйлерде өрт шығу мен көміртегі тотығымен улану жағдайларының алдын алу мақсатында арнайы акция өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Шара барысында құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, пеш мұржаларының қаншалықты тазаланғанын тексерді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Нәтижесінде, облыстағы 10 үйдің 5-інде мұржа күйеден жеткілікті түрде тазартылмағаны анықталған. Сондай-ақ 30 000-нан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.
Тұрғындардың көпшілігі пештерді тазарту қаншалықты маңызды екенін елемейді. Мәселен, ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері 17 адамға, оның ішінде 10 балаға иіс тиген, - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Құтқарушылар осыған дейін барлығы 157 000-нан астам үйді аралап, тұрғындарға профилактикалық нұсқаулық жүргізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда мектептеріне үш директор жетіспейді
Өзгелердің жаңалығы