ШҚО-да 200-ден астам адамның жеке куәліксіз жүргені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 200-ден астам адам жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көші-қон қызметінің мамандары облыс аумағында құжатсыз өмір сүріп жатқан тұрғындарды анықтауды жалғастырып жатыр.

Құжатты жоқтар әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен медициналық көмек ала алмайды. Жыл басынан бері өңір бойынша жеке куәліксіз жүрген 200-ден астам адам анықталды. Мәселен Өскемен қалалық полиция басқармасына Атырау облысында туған 69 жастағы әйел жүгінген. Ол 1953 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Осында орта мектепті бітіріп, тұрмыс құрған. Алайда бүгінгі күнге дейін, яғни 40 жылдан астам уақыт бойы әйел 1974 жылғы төлқұжатпен жүрді. Көші-қон қызметіне жүгінген соң мамандар оған жеке куәлік алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті. Сөйтіп, азаматша көптен күткен құжатты алып, зейнетақы рәсімдеді, – деп облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы