ШҚО-да 20 жастағы тұрғыннан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Полицейлер ШҚО-ның 20 жастағы тұрғынынан "синтетиканың" ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер интернет-дүкеннің "ораушысын" ұстады.

Күдіктінің пәтерінен полиция қызметкерлері таблеткалар мен ұнтақ заттар бар бірнеше целлофан пакеттерін тауып, тәркілеген.

Полиция 960 грамм мефедрон, 50 грамнан астам экстази, сондай-ақ «соль» деген атпен белгілі 70 граммнан астам "альфа-PvP" есірткі заты айналымының алдын алды.

Айта кетейік, мефедронның бұл мөлшері 3200-ден астам өлімге әкелетін бір реттік дозаны өндіруге жеткілікті.

Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы