ШҚО-да 14 балалар лагері жағажайда орналасқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылдағы мәліметке сүйенсек, ШҚО-да 24 бала суға кеткен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ерік Тұрсынғалиев айтып өтті.

Облыста 1 маусым – шомылу маусыма басталады. Баршамызға белгілі, республика бойынша ең ауқымды су қоймалары ШҚО-да орналасқан.  Өңірде жалпы саны 2000-нан астам су қоймасы бар. Олардың көпшілігі ауылдар мен қала маңында.  

Соңғы үш жылда 24 бала суға кеткен. Негізінен ондай қайғылы жағдайлардың көпшілігі ата-анасының қарауынсыз қалған балаларда кездесіп жатады. Ұзаққа бармай, жақында, 15 мамыр күні Жаңаөзен ауылы, Шар өзенінде әке-шешесінің қараунсыз қалған 3 жастағы бала суға батып кеткен. Сондықтан сіздерге шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жағажайларды дұрыстап таңдауға кеңес береміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қала маңында екі коммуналдық жағажай бар. Олар: Самал саябағы мен Этнопаркте орналасқан. Ол жерлерде суға түсу қауіпсіз. Себебі арнайы жабдықталған құтқарушы жасақтары қызмет атқарады.

Балалар резина камералар мен үрлемелі қайықтарды өз бетінше пайдаланбақ болып, судың ортасына қалай кетіп қалғанын байқамайды. Сондықтан ата-аналар демалу кезінде балаларына ерекше бас-көз болғаны дұрыс.

Облыс бойынша 14 балалар лагері жағажайда орналасқан. Қазір 4 лагердегі жағажай тексеріліп, арнайы АКТ бекітілді. Ондай  тексеру жұмыстары шомылу маусымы аяқталғанша жүргізілетін болады. Айта кету керек , егер судың температурасы 18-20 градус болған жайғадай 1 жарым минут уақыт суда болу керек, себебі қол-аяқтың тартылып қалуы мен жүрек соғысына әсер етуі мүмкін, - деді Ерік Еркінбекұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы