ШҚО-да 12 отбасы баспаналы болды

Глубокое кентінде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 12 отбасына жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстау салтанаты өтт, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылдан бастап Глубокое ауданында жаңа үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 44 қоспәтерлі 88 тұрғын үй көп балалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Былтыр осы жоба аясында 20 үй салынған. Оның ішінде жеті үй Глубокое ауданына қарасты Белоусовка, Бобровка, Веселовка, Прапорщиково және Черемшанка ауылдарындағы көп балалы отбасыларға табыс етілген.
Бұл үйлердің әрқайсысында шаруашылық жүргізуге арналған 20 гектар жер учаскесі бар.

Глубокое аудынында облыс әкімшілігінің бастамасымен «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы дамып келеді. Бұл үйлер аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және Аманат партиясының қатаң бақылауында. Үйдің сапалы болуы маңызды. Сонымен қатар ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар алаңы салынған. Жақында асфальт төселеді, - деді Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы Алтай Қалигожин.

«Бірқабатты Шығыс» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының механизмі өте ыңғайлы. Мердігер өз қаражатына баспана салып, мемлекетке ұсынады. Барлық тексеруден өткен соң мемлекет қаражат бөліп, баспаналарды сатып алады. Кейіннен кезекте тұрған азаматтар жергілікті атқарушы органдар арқылы үйлерге ие болады.

Үй аумағы 85х65 шаршы метр. Үй газаблоктан салынған. Үйде барлық жағдай жасалған. Терезелер пластиктен, жерге линолеум төселген. Үйдің ішінде ақылды пеш орнатылған. Қоныстанып жатқан тұрғындарға амандық тілеймін. Алған үйлері жанға толсын. Салған үйіміз қуаныш алып келсін, - деп өз тілегін жеткізді КТБ құрылыс компаниясының директоры Тілек Қоңыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы