ШҚО-да 10 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 7 жасар баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 жасар ұл 23 шілде күні сағат 09.00 шамасында үйінен серуендеуге шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметкерлер мен еріктілер іздестіру жұмыстарына шұғыл кіріскен.
Куәгерлер баланың «Самал» саябағының жағажайына шомылу үшін келгенін көргенін жеткізді. Баланың киімдері мен аяқ киімдері жағадан табылған. Содан соң барлығы 100-ге жуық адам баланы жағалау бойымен және қайықпен іздеуге көшті.
2 тамызда Шемонаиха ауданы Барашки ауылының маңындағы Ертіс өзенінен жоғалған баланың денесі көзге көрінбейтін дене жарақатынсыз табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.