ШҚО айналма жолдың төмен учаскесіне су жиналды
Кеше «Омбы-Майқапшағай» 1112-1120 км айналма жолының 8 км-і аралығындағы учаскеде еріген қар суы ағынының күрт ұлғаюына байланысты ұзындығы 3-4 м, биіктігі 20 см-ге дейінгі үш жерде «айналма жолдың» төмен учаскесіне су жиналу байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазавтожолға сілтеме жасап.
Бұл учаскеде 4 су өткізгіш құбыр бар, алайда еріген суды бөгеу үшін айналма жол бойында білікті орналастыру және 3 дана қосымша металл құбырларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Судың жиналуын жою үшін 10 жұмысшысы, 11 арнайы техника жұмылдырылды.
Осыған байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілген болатын.
Еріген су деңгейінің одан әрі көтерілуі, сондай-ақ жүруге қауіп болмаған жағдайда, сағат 12.00-ге дейін жолды ашу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Қытайға жұмыс сапарымен барады
Өзгелердің жаңалығы