ШҚО аумағында алдағы үш күнде көшкін жүруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының күрт өзгеруіне, жауын-шашын мен желдің күшеюіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында 22-24 ақпан аралығында таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Көшкін қатты қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде жүруі мүмкін. Бұл уақытта таулы аймақтарға бармаған дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтап тұрмау керек,  – деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.

Сонымен қатар ТЖД мамандары қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне хабар беру керектігін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы