Шпекбаев жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жұртшылық өкілдерін марапаттады.
Марапатталғандар қатарында Сәдібек Түгел, Айгүл Соловьева, Айман Омарова, Ырза Тұрсынзада, Төлеген Байғұлов, Талғат Нәрікбаев, Марат Бәшімов, Олег Савеленко, Асқар Рахматулин, Рахым Ошақбаев, Болат Қасымов, Әлия Сембаева және т.б. бар.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 15 қызметкеріне Мемлекет басшысының мемлекеттік наградалары, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Бұдан басқа, агенттік төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы