Шпекбаев пен Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ДСМ денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосудың алғы сөзінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомства жүргізген жұмыстармен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс-шаралар туралы хабарлады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою бойынша сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін сынауға және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол біздің жұмысымыздың кейбір салаларының жетілмегендігін байқатып, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді көрсетті. Бұған қоса, олардың ішінде сыбайлас жемқорлық компоненттері де болды, - деп атап өтті ол.
Денсаулық сақтауды дамыту - мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.
Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттырудың бір тетігі ретінде медициналық қызметтің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында бюджеттен қомақты қаражат бөледі.
Соңғы 15 жылда денсаулық сақтауды қаржыландыру кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыруды ұсыну, эпидемиологияға қарсы күресуді қоса алғанда 8 есеге өсті (2005 ж. - 191,4 млрд теңге, 2020 ж. - 1,6 трлн теңге).
COVID – 19 эпидемиясына қарсы күрес жөніндегі шараларға қосымша 300 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның үштен бірінен астамы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы бөлінді. Шамамен 60 млрд теңге карантиндік іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау қызметкерлерін үстемеақыға және қосымша ынталандыруға бағытталған.
Бұл қаражатты иемденуге немесе жымқыруға жол бермеу маңызды. Әр бөлінген теңге адресаттарға медициналық қызметтер, ЖҚҚ, дәрігерлерге арналған сыйлықақы түрінде жетуі керек. Дәрігерлер өз денсаулығына қауіп төндіріп, пандемияның алғы шебінде тұрады, халыққа көмектеседі. Бұл үшін мен оларға Агенттік атынан ерекше алғыс білдіргім келеді. Екінші жағынан, оң күш-жігердің әсері сыбайлас жемқорлықты жояды. Өкінішке орай, бұл құбылыс министрлікті және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармаларын айналып өткен жоқ, - деді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.
Спикер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту бойынша президенттік реформалардың үш пакетінде белгіленген шараларды қабылдау қажеттілігін ерекше атап өтті.
Кеңес барысында пандемия кзінде шешілмеген мәселелер талқыланды Олардың кейбіреулері жүйелі сипатқа ие және ерекше назар аударуды қажет етеді.
Агенттік пен министрлік әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы талдауды Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында өткізуді жоспарлап отыр.
Талдауға азаматтық қоғамды кеңінен тарту маңызды аспект болып табылады. Спикерлер денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылауды дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Министрлік «COVID-19 Қазақстанның қоғамдық бақылауы» дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын бақылау бойынша қоғамдық белсенділер қозғалысына жан-жақты қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесіне «жаңадан дем беріп», сарапшылар қауымдастығының білікті өкілдерінің сындарлы қатысу мүмкіндіктерін кеңейту керек.
Сондай-ақ, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Агенттік пен Министрлік арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы ынтымақтастық меморандумы, биылғы жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы ұйымдастырылды, оның Жарғысы бекітілді. Агенттік осы бағыттағы жұмыстардың қарқынды әрі нәтижелі боларына сенім артады.