Шпекбаев елімізде бизнесті қолдауға арналған шаралар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елордада өткен Business Integrity Forum-да бизнесті қолдау бойынша мемлекет жүзеге асырған шаралар туралы баяндап берді.
Төраға атап өткендей, бизнес пен инвесторлардың мүдделерін қорғаудың ұйымдық құрылымы шетелдік инвесторлар мен Ұлттық инвесторлар кеңесінен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығынан тұрады.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл институты, «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы жұмыс істейді. 2015 жылдан бері елімізде Кәсіпкерлік кодексі жүзеге асырылып келеді. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалардың үш топтамасы қабылданды. Төртіншісі пысықталуда. Жалпы алғанда, мемлекет халықаралық практика контексінде кәсіпкерлер мен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды жалғастырады, – деді Алик Шпекбаев.
Сонымен қатар ол іске асырылып жатқан бағдарламалар мен бизнесті қолдау жобалары туралы айтып берді. Оның пікірінше, бұл шаралар кешені елімізге 350 млрд АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің өскенін хабарлады
Өзгелердің жаңалығы