Шпекбаев: Бір жылда 5 офицер жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлықпен күрес мәселесінде жемқорлықпен күресушілердің өзі таза болу керек екендігін айтты.
"Көптеген ұйымдар миниатюрадағы қоғамды білдіреді және оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерінің жиынтығын көрсетеді деген пікір қалыптасқан. Менің мұнымен келісуіме тура келеді, бірақ біздің жақсырақ болуымызға деген талпынысымызды ешкім шектемейді. Күн сайын азаматтық қоғаммен бірлесе жемқорлықтың алдын алумен, түсіндіру кездесулерін өткізумен, мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық жауапкершілікке тартумен айналыса отырып, біз үшін өз қатарымыздың таза болуы басты мәселе болып қала бермек. Бүгінгі күні біздің ішкі қауіпсіздік басқармасы Агенттік және оның құрылымдары - Ұлттық бюро, Мемлекеттік басқару академиясы, Персоналды басқару ұлттық орталығының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық туралы кез келген ақпаратқа дер кезінде тиісті шаралар қабылдайды"- дейді ол.
Оның айтуына қарағанда, бірнеше жылдың ішінде жемқорлық өршіп кеткен.
"Келесі цифрлардан нәтижелерді көруге болады. Ұлттық бюро құрылған 2015 жылдан бастап жеке құрам арасында бірде-бір қылмыс анықталмаған болса, тек 2018 жылдың өзінде өз күшімізбен қылмыстық жауапкершілікке жеті қызметкер тартылды, оның бесеуі офицерлер. Бұл жұмыста Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымына ұлттық қауіпсіздік органдарының тәжірибелі қызметкерін тағайындау маңызды рөл атқарды, ол оның құрылымын оңтайландыра отырып, білікті маманнан құралған командасымен «ішкі сатқындарды» анықтауда. Жаңа бастамаларды ұсына отырып, дәстүр бойынша біз өзгерістерді өзімізден бастаймыз. Сондықтан, біз бағынышты адамдар жасаған тек ғана қылмыстық істер үшін емес, өрескел тәртіптік теріс қылықтары үшін де басшылардың толық жауапкершілігі тәжірибесін енгіздік. Атқаратын лауазымынан босатуға дейін" - дейді Алик Шпекбаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органында бұл дерттің болуы ең қауіпті жүйелі тәуекелдердің бірі.
"Өйткені, бір ғана «погондағы арсыз» адал және сатылмайтын жүздеген қызметкердің күнделікті еңбегімен келетін азаматтардың сенімін бұзуға қабілетті. Достар, егер Сіздерде біздің қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат болса, оны дереу менің alik.shpekbaev@gmail.com атты жеке поштама жолдауларыңызды сұраймын. Біз ішкі сыбайлас жемқорлықтың әрбір фактісін бұрынғысынша кеңінен жария етеміз. Ал ары таза емес әріптестерді басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстардан ерекшеленбейтін қылмыстық қудалау күтетін болады. Алайда мен құқық қорғау және сот органдарының сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлері қатаң жазаға тартылуы қажет деп есептеймін, себебі оларға заңды мүлтіксіз сақтауды қорғау міндеті жүктелген" - деп жазады ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.