Алик Шпекбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алик Шпекбаев Бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне қатысты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасында белгілеген міндеттерді орындау мақсатында "Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні" жалпыреспубликалық іс-шарасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысыны іссапары барысында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Осы өңірдің жас кәсіпкері Тимур Жүсіпов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия беру мәселесімен бөліссе, "Жақсы тұз Петропавл" ЖШС жетекшісі Ерік Әзенов жер қатынастары саласына қатысты сұрақты көтерді.

Бұдан басқа, агенттік төрағасына тұрғын-үй шаруашылығы, әлеуметтік қамту бойынша да сұрақтар келіп түсті.

Барлық өтініштер менің жеке бақылауымда болады. Әр сауалды зерделеп, қалыптасқан жағдайды шешуге байланысты жергілікті департаментке нақты тапсырма берілді, - деді Алик Шпекбаев.

Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтар "Қызылжар – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен PBI "Бизнес пен инвестицияны қорғау" жобасы туралы оң ойларын айтты.

Еске сала кетсек, бүгін ел аумағында тұрғындармен тікелей қарым-қатынасты нығайтып, сенімін арттырып, әлеуметтік сұрақтарын шешуге бағытталған жалпыреспубликалақ Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы