Шпекбаев Алматыдағы университеттерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның аясында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев  бірқатар жоғары оқу орындарына барды. 

Бүгінгі таңда ҚазҰУ еліміздің жетекші ЖОО ретінде әлемнің ең үздік 200 оқу орнына қосылу туралы еліміздің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған маңызды мемлекеттік міндетті іске асыруда мақсатты жұмыстар атқарып келеді.

ЖОО басшылығы "Университет 4.0" жобасын таныстырды. Бүгінде ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы al-FarabiUniversitySmartCity инновациялық платформасының негізінде университет әзірлеген және енгізген "Университет 4.0" тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылып жатыр. "Университет 4.0" жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформасының өзара байланысына негізделеді және еліміздің, әлемнің азаматтары ретінде жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. 

Сондай-ақ, парасаттылық мектептері ашылды. Мектептің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа формациядағы жас өкілдерін даярлау. 

Осыдан соң Алик Шпекбаев "НАРХОЗ" Университетіне барып, студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру мәселері жөніндегі жұмысымен танысты. 

Кездесу барысында бірінші курсты оқытудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Жұмыстың интерактивтік әдістеріне және әр студентке жеке тәсіл қолдануға негізделген жаңа әдістеме плагиатпен және студенттердің жазба жұмыстарын тапсырыспен орындауға байланысты мәселелерді азайтады немесе құтқарады.


Жыл сайын мен жоғары мінбелерден НАРХОЗ университетінде жемқорлықтың тіпті иісі де жоқ деп мәлімдеймін. Университеттің менеджменті мен оқытушылары ең алдымен оқытудың сапасына және рәсімдердің ашықтығына баса назар аудара отырып, жаңаша жұмыс істейді, - деп атап өтті Шпекбаев.

"AlmaU" Университетінде студенттерді қоғамға және парасаттылыққа қызмет ету қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді. 

Ол үлгі ретінде ҚазҰУ мен "НАРХОЗды" атады. 


Креативті жастардың қатысуын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Өскелең ұрпақ түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу, видеороликтер мен мультфильмдер әзірлеу арқылы парасаттылық қағидаттарын қолдайтынын көрсетуде, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы