Шпагамен семсерлесуден командалық сындағы жеңімпаздар анықталады

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатында шпагадан ерлер арасындағы командалық жарыс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының бірінші командасы, үшінші орынды ШҚО-2 мен Алматы қаласы иеленді.

Әйелдер арасында Алматы-1 командасы топ жарды. Олар финалда ШҚО-1 командасынан басым түсті.

Қола медальді Алматы-3 және ШҚО-2 командалары еншілеген.

Айта кетелік, бұған дейін шпагамен ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Павлов, әйелдер арасындағы додада Софья Николайчук жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы