Шортандыдағы жарылыс: Қайғылы оқиғаға үй иесі кінәлі - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілісте Шортандыдағы үйде жарылған газ баллоны өрт қауіпсіздігі талаптарына сай сақталмағанын айтты.
Газ баллондарын пайдалану бойынша жақында қайғылы оқиғалар болды. Шортандыда бірден үш адаммен қайғылы жағдайға тап болып, оның екеуінің денесінің 90%-дан астамын күйік шалып, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінде қайтыс болды, - деп атап өтті министр.
ТЖМ басшысы адамдар не істеп жатқандарын өздері түсінбейінше, ешқандай да инспекция олардың түсінігін алмастыра алмайтынын айтты.
Үй иесі баллонды әкеліп, пештің жанындағы жылыту құрылғысының жанына орнатқан. Осылайша бұл жағдай туыстары мен жақындарының өліміне себеп болды. Бұл – адамның бірінші кінәсі. Ал екінші кінә – қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іс. Яғни көліктерге арналған жанармай құю бекетінде газ баллондарға жанармай құюға тыйым салынады. Осыны біле тұра, ол баллонды толтырады. Сондықтан әкімдіктер техникалық инспекциялар қанша құрса да, адамдар өздері апаттың салдарын түсінбесе, бәрі бекер, - деп айтты Юрий Ильин.
Бұған дейін Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Оқиға салдарынан тағы 11 адам зардап шекті.