Шортандыда найзағай кесірінен болған өрт сөндірілді

Кеше Шортанды ауданы Бектау ауылына жақын маңда құрғақ шөп өртенді, оның тұтануына найзағай себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті ТЖ бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде бірден 3 жану ошағын анықтаған. 

Өрт болған жерге Шортанды ауданы азаматтық қорғау гарнизонының барлық қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары аттанды. Жалпы өрт 15 га аумақты шарпыған. Жедел іс-әрекет етудің арқасында өрттің таралуына, елді мекендерге қауіп төндіруіне жол берілмеді. Өрт сағат 00:55-те сөндірілді. Бұл ретте өрт сөндіру жұмыстарын 20-25 м/с-ке дейін жеткен жел қиындатты. Тілсіз жаудың тұтануына табиғи фактор, яғни найзағайдың түсуі себеп болған. Өртті сөндіруге 52 адам, 11 техника жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы