Бүгiн 2026, 08:36 Фото: Ақмола облысы ТЖД

Шортанды ауданында тұрғын үйден өрт шықты

Өрттің шығу себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный ауылында екі қабатты, төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт №2 пәтерде тіркеліп, үйге жапсарлас салынған веранда жанған. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығу себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.