Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жаңа маусымға дайындығын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда, деп хабарлады Olympic.kz.
Ұлттық құрама 2021/2022 жылғы маусымды Бейжіңде әлем кубогінен бастайды. Осыған орай бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада қарсаңында жолдама үшін жанын салатын спортшылар есімін атаған болатын. Жаңа маусымда 12 спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, жолдаманы сарапқа салады.
Елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында бапкер басты мақсат - төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алу керек екенін де жасырмады.
Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз, - деді Мәдіғали Қарсыбеков.
Айта кетерлігі, шорт-трекшілер 16 қазанға дейін ел астанасындағы Алау мұз айдынында дайындығын жалғастырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық ЖОО-ға 300-ден астам білім беру бағдарламасы енгізілді
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы