Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Қытайдағы ірі турнирге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшелері Қытайда өтетін Shanghai Trophy  ірі халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шанхайдағы турнир 3-5 қазан аралығында өтеді. Аталған сынға Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады. 

Атап айтар болсақ, Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев және Еркебұлан Шамұханов жүлдеге таласады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы