Шорт-тректен Әлем чемпионатының өтетін мерзімі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2021 жылғы маусымға арналған бірқатар өзгертулерді жариялады, деп жазады Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ, шорт-тректен 2021 жылғы әлем чемпионаты Нидерландтың Роттердам қаласынан Дордрехт қаласына ауыстырылды. 

Сондай-ақ турнирдің өту мерзімінде де өзгеріс бар. Әлемдік дода жоспардағы мерзімінен бір апта бұры, 5-7 наурыз аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, конькимен жүгіруден 2021 жылғы әлем біріншілігі де Нидерландта өтетіні анықталған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы